



Turbomeca
Turbomeca тік ұшақтарға арналған аз және орта қуаттылықтағы газтурбиналы қоғалтқыштарды өндіруші француздық компания. Компания сонымен қатар ұшақтарға, ракеталарға арналған газтурбиналық қозғалтқыштарды және өнеркәсіптік және теңіз көліктеріне арналған турбиналар шығарады. 2001 жылдың қыркүйегінде компанияны SNECMA Group алды.
Turbomeca негізін 29 тамызда 1938 ж. Джозеф Сзудловски мен Андре Планиол қалады.
2013 жылғы деректер бойынша Turbomeca барлық тік ұшақ өндірушілері үшін турбиналар шығарады (негізінен Eurocopter, AgustaWestland, Sikorsky, NHI, Камов, HAL).
Sky Tech компаниясы 2013 ж. наурыздан бастап Turbomeca компаниясының (Arriel 1, Arriel 2) қозғалтқыштарының, ресми қызмет көрсету орталығы болып табылады.


