Undefined error: mysql_connect(): The mysql extension is deprecated and will be removed in the future: use mysqli or PDO instead в файле /var/www/v-3618/data/www/skytech.com.kz/kz/modules/core/database/mysql.php (строка 57) ӘУЕ ШОУ 2015 -Слайдер воздушного судна

KzEng

ӘУЕ ШОУ 2015

     Авиация біздің жүрегімізде!

     2015 жылдың 10 Мамырында, Алматы қаласы және Алматы облысының тұрғындары Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік салтанатты әуешоудың көрермені болды!


     Авиацияға немқұрайлы емес адамдардың арқасында ұйымдастырылған  өте керемет мереке, бұдан бұрын болмаған, өте үлкен көлемде адамдарды жинады. Әскери тематикада стильденген жарқын мереке, қатысушылар мен қонақтарды соғыс жылдарының атмосферасына енуге мумкіндік жасады. Кіре берісте, барлық қонақтарды кеңестік әскери киімге киінген сарбаздар күтіп алды. Ұшу-қону жолағына қарама-қарсы алаңында, әскери техника үлгілері көрмесі ашылды, одан-қарай шағын авиация әуе кемелерінің экспозициялы модельдер қатары көрсетілді. Мерекенің ойын-сауық бағдарламасын Черлидерлер парады және десантты-шабуыл бригадасының шеруінен басталды. Содан кейн, барлығы күткен ең басты көрсетілім басталды...


     Мыңдаған көрермендер аспанға түңіле қарады және құлшыныспен әуе кемелерінің пируэттерін назарлады. Мерекенің әуе бөлігін өзінің әсерлі орындауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің,  Шекара әскерлерінің МИ-8 атты 3 тікұшағы ашты. Одан кеін аспанға Virus SW ұшағы көтерілді. Соның артынан кейн, өте үлкен жылдамдықта EC 130  атты 4 тікұшақтан құралған колонна өтті және ЕС 135 атты 2 тікұшақтар өтті. Әрі қарай - L44 ұшағының жалғыз пилотажы орындалды және Cessna Grand Caravan 208 ұшағы мен ЕС 130, 2 тікұшақтарының өте қызықты пилотажы орын алды. Солардын артынан кейн BO 105 тікұшағының орындуы және Partenavia Р68V ұшағы және Bell 206 B3 тікұшақтарының жұптық пилотажы көрсетілді. Одан кейін аспанға Cessna 182, Cessna 152 және Maul М7 ұшақтары көтерілді. Дәл содан кейн, өзінің керемет орындауын екі автожир ELA 07S орындады. Ұшу бағдарламасының шарықтау шегі, шеберлік ұшудың барлык мүмкіндіктерін, ЕС 130 тікұшақтарында көрсету болды. Бағдарламаның соңында көрермендер назарына, авиамоделистердің орындауы болды және апанға Ан-2  ұшағы көтерілді, барлық әуешоу қонақтары парашютистердің секіру сәттерін назарлады, олар аспанда Қазақстанның туы мен Алматы қаласының елтаңбасын желпітті.       


     Аспанға деген құштарлығы бар адамдардың, барлығында, осы күні өз арманына бір қадам жақын болу мүмкіндігі тиді. Біз барлығымыз, ұйымдастырушылар да, қатысушылар да осы шоуды ұмытылмастай етуге тырыстық, өйткені Авиация біздің жүрегімізде!